Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық ауруханасы" КМК
Ресми интернет-ресурс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында 2026 жылғы 19 ақпанда «Әулиекөл аудандық ауруханасы» КМК-да «Медициналық ұйымдағы мүдделер қақтығысы: анықтау және алдын алу» тақырыбында медицина қызметкерлерінің жиналысы өтті.

Іс-шара барысында мүдделер қақтығысын анықтау және оның алдын алу мәселелері, оны реттеу тетіктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі қарастырылды. Медициналық ұйым қызметінде ашықтық, объективтілік және кәсіби әдеп қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, мүдделер қақтығысының туындауына әкелуі мүмкін жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдар берілді.