2026 жылғы 17 наурызда Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық ауруханасы» КМК-нің комплаенс қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу аясында аудандық аурухана қызметкерлері арасында анонимді сауалнама жүргізді.
Мониторингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың белгілері мен ерекшеліктерін анықтау және оның нәтижелері бойынша біздің медициналық ұйымдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жолдарын іздеу.





