Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық ауруханасы" КМК
Ресми интернет-ресурс

Заң және тәртіп

Бүгін, 2026 жылғы 17 маусымда, құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, адалдық, заңдылық қағидаттарын қалыптастыруға және кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік танытуға бағытталған «Заң және тәртіп» жалпыұлттық идеологиясын іске асыру аясында, сондай-ақ конституциялық құндылықтарды түсіндіру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық ауруханасы» КМК қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ еңбек ұжымында ашықтық, әділдік және жауапкершілік атмосферасын қалыптастырудағы әрбір қызметкердің рөлі мәселелері қарастырылды.